Пәні: “Ассемблер тілі негізідері”.

Пәннің пререквизиттары:Информатика.Алгоритмдер және программалау тілдері(5В070300). Программалау технологиясы (5В060200). Программалау (5В011100).

Пәннің постреквизиттары:ЭВМ-ның архитектурасы. Жүйелі программалау.

Пәннің қысқаша мазмұны.Ассемблер тілін білу программалауды үйренумен қатар ЭЕМ-нің, операциялық системаның және жоғары дәрежелі тілдердің трансляторларының жұмыс істеу принциптерін жете түсінуге көмектеседі. Ассемблерде программалау жеке құрылғыларға бірден қатынауға мүмкіндік беретіндіктен негізінен драйверлер және жоғары жылдамдықты, тиімді программалар жазуда қолданылады. Сол себепті оны оқу профессионалды программистер дайындаудың қажетті бөлігі болып саналады.

Қазіргі кезде персоналды компьютерлерде (ПК) көбінде INTEL (8086/8088, 80186, 80286, 1386, 1486 PENTUIM) фирмасының процессорлары қолданылады. Бұл процессорлар өзара бірегейленген (совместимы) - кіші модельдерінде жазылған программалар жоғарғы модельдерінде ешқандай өзгеріссіз орындалу мүмкіндігі бар. Сондықтан 8086 процессорын оқу келешекте басқа процессорларды оқуда алғашқы қадам болып табылады. Бұл курста 8086 процессорының ғана ерекшеліктері мен командалар жүйесі қарастырылады. Мұнда студент ПК жайлы (олардың құрылымы, машина тілі және екілік санау жүйесі туралы) жалпы мағлұмат алған деп есептелінеді.

Ассемблер тілі – машина тілінің символдық формасы, бұл тілді қолдану машиналық программаны жазуды біршама жеңілдетеді. Бір ЭВМ үшін әр түрлі Ассемблер тілдері шығарылуы мүмкін, қарастырылып отырған ДК-ге де осындай бірнеше тілдер ұсынылған. Бұл курста MICROSOFT фирмасы шығарған микроассемблер тілі (қысқаша MASM) қарастырылады.

Курстың міндеті мен мақсаты:

§ Студенттердің машиналық команда және программа түсініктерін қалыптастыру;

§ Ассемблер тілінің командасының құрылымы және командалар жүйесімен таныстыру;

§ Ассемблер тілін қолданып тиімді қолданбалы программалар құруға, пайдалануға үйрету.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер мына білімдер мен дағдыларға қол жеткізулері тиіс:

§ программалау регистрлерінің құрылымындарын;

§ машиналық команданың түрлері мен құрылымдарын;

§ ассемблер сөйлемдерінің (командалар, директивалар, коментарилер) құрылымдарын;

§ сызықтық құрылымды программа құруды;

§ тармақтар мен циклддарды ұйымдастыруды;

§ енгізу-шығаруды ұйымдастыруды;

§ құрылымды мәліметтері (массив, жол, жазба, жиын) сипаттауды және өңдеуді;

§ биттік амалдарды (логикалық командалар, жылжыту командалары) қолдануды.

Құзыреті:

арнайы: қолданбалы есептерді шешуде ақпаратты өңдеудің негізгі алгоритмдерін қолдана біледі, алгоритмнің күрделілігін бағалай біледі, программалар құра алды және оларды тестілеу (дұрыстығын тексеру) дағдылары қалыптасады.

пәндік: өз бетінше зерттеу аймағына байланысты есептерді шешу алгоритмін құра біледі және шешу әдістерін таңдай алады. Ассемблер тілінде программа құра біледі.

Бағалау саясаты

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 50-54
F 0-49 Қанағаттанарлықсыз

ЖМУ-те келесі кестеде көрсетілгендей бағалау жұйесі (әр бағалау үшін максимальный балл – 100) қолданылады.

Бағаланатын бағдар 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау Әрбір бағалауға 100: СРСП-40, қалғандары-60балл. Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11,14 апталарда
Аралық бақылау Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі R1
Кіру рұқсатының рейтенгісінің R2
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2 15 апта
Емтихан Е 16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бақылау түрі Максимальная бағалау баллы Электрондық журналға баллдарды жазу уақыты
Ақтық бақалау: -СОӨЖ - сабаққа қатысуы(1сағ.– 5балл) - үй тапсырмасын орындау - лабораториялық сабақтар - белсенділік(дәрістегі жауаптар...) Әр сабақ сайын
СӨЖ 1*) Тасырма 1 Тасырма 2 4-ші апта
СӨЖ 2 Тасырма 1 Тасырма 2 7-ші апта
СӨЖ 3 Тасырма 1 Тасырма 2 11-ші апта
СӨЖ 4 Тасырма 1,2 Тасырма 3,4 15-ші апта
Рубежный контроль 1: бақылау жұмысы 8 апта
Рубежный контроль 2 : Коллоквиум Сұрақ 1 – баға 1 Сұрақ 2 – баға 2 Сұрақ 3 – баға 3 Қорытынды баға : (баға 1+баға 2+баға 3)/3 15 апта

Курс саясаты:

· сабақтарды жібермеу;

· лекцияларға кешікпеу;

· сабақ кезінде ұялы телефондарды өшіріп қою;

· кафедра лабораторияларында ЕТ қолдану ережелерін сақтау;

· компьютерлер жадында сақталған файлдарды және бөтен бағдарламалық құжаттарды өшірмеу және пайдаланбау;

· оқу процесіне белсенді қатысу.

Академиялық тәртіп және әдептану саясаты:

төзімді болу; басқа біреулердің ойын сыйлай және тыңдай білу; рұқсат берілмеген материал дарды көшіруге болмайды


Пәннің күнтізбелік-тақырыптық жоспары

Мазмұны Сағат саны А п т а
Д ә р і с П р а к т. С О Ө Ж С Ө Ж
Модуль 1.Арифметикалық командалар.
1-дәріс. Регистрлер. Жалпы қолданысты регистрлер. Сегменттік регистрлер. Күй және басқару регистрлері. Күй және басқару регистрлері.
1-практикалық жұмыс.MASM ассемблерімен жұмыс.
1-СОӨЖ. Ассемблерде программа құру құралдары. Программалау сатылары. Microsoft фирмасының ассемблері (MASM).
2-дәріс. Ассемблер тілінің негізгі элементтері. Лексемалар. Сөйлемдер.
2- практикалық жұмыс. Регистрлермен жұмыс.
2-СОӨЖ. Ассемблер тілінің командалары. Орналастыру.
3-дәріс.Арифметикалық командалар. Қосу, алу және көбейту командалары.
3- практикалық жұмыс. Қарапайым арифметикалық өрнектерді программалау.
3-СОӨЖ. Көмпьютердің жадында мәліметтерді кескіндеудің форматтары.
4-дәріс. Арифметикалық командалар. Бөлу командалары.
4- практикалық жұмыс.Бөлшекті өрнектерді программалау
4-СОӨЖ. Командалар жүйесі. Машиналық командалардың форматтары
1-СӨЖ. 1. Директивалар. Мәліметтерді анықтау директивалары. Эквиваленттілік және меншіктеу директивалары. Өрнектер. 2Программалық сегменттер.
Модуль 2.Басқару командалары.
5-дәріс.Өту командалары. Шартсыз өту. Салыстыру командалары. Шартты өту командалары.
5- практикалық жұмыс. Тармақты алгоритмдерді программалау.
5-СОӨЖ. Шартсыз өту командалары.
6-дәріс. Шартты және шартсыз өту командаларының көмегімен циклдар ұйымдастыру.
6- практикалық жұмыс.. While–do схемасы бойынша цикл ұйымдастыру.
6-СОӨЖ.Алдыңғы шартты циклдарды ұйымдастыру мысалдары
7-дәріс. Алдыңғы шартты циклдықды прог ұйымдастыру.. 7
7- практикалық жұмыс. Repeat-until схемасы бойынша цикл ұйымдастыру.
7-СОӨЖ.Repeat-until схемасы бойынша цикл ұйымдастыру ьысалдары.
2-СӨЖ. 1)Позициялық санау жүйелері. 2)Компьютердің жадында мәліметтерді кескіндеу форматтары.
8-дәріс. Циклдарды басқару командалары.
8- практикалық жұмыс. For-To-Do схемасы бойынша цикл ұйымдастыру.
8-СОӨЖ.Loopкомандасын қолдану мысалдары
Аралық бақылау 1 (бақылау жұмысы)
Модуль 3.
9-дәріс. Құрылымды айнымалылармен жұмыс. Массивтер. Индексті айнымалылар.
9- практикалық жұмыс.Бірөлшемді массивті өңдеу алгоритмдерін программалау.
9-СОӨЖ.Бірөлшемді массивтерді өңдеу алгоритмдерін программалау мысалдары.
10-дәріс. Индексті айнымалыларды ұйымдастыру.
10- практикалық жұмыс.Екіөлшемді массивті өңдеу алгоритмдерін программалау.
10-СОӨЖ.Массивтерді өңдеу алгоритімдері.
11-дәріс. Бірнеше регистрлер бойынша модификациялау.
11- практикалық жұмыс. Екіөлшемді массивті өңдеу алгоритмдерін программалау.
11-СОӨЖ.Екіөлшемді массивтерді өңдеу алгоритмдерін программалау мысалдары.
3-СӨЖ. 1) Құрылымдар. 2) Құрылымдарды өңдеу алгоритмдерін программалау.
Модуль 4. Биттық амалдар.
12-дәріс. Логикалық командалар.. 1213
12-практикалық жұмыс. Логикалық командалармен жұмыс.
12-СОӨЖ. Логикалық командаларды қолдану мысалдары.
13 -дәріс. Жылжыту командалар.
13- практикалық жұмыс.Жылжыту командаларымен жұмыс
13-СОӨЖ. Жылжыту командаларын қолдану мысалдары.
4-СӨЖ. 1)Циклдық жылжыту командалары 2)Ықшамдалған мәліметтер
Аралық бақылау 2
Емтихан
Барлығы: дәріс практикалық сабақ СОӨЖ СӨЖ

.Студенттердің өздік жұмыстарының мақсаты және орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

Мақсаты: Білімгерлерді арнайы әдебиеттермен жұмыс жасауға баулу. Дәріс, іс-тәжрибелік сабақтарында қарастырылмаған, бірақ оқу бағдармасына кіретін тақырыптарды өздігінен меңгеру жолдарын үйрету. Сонымен қатар сабақтарда берілетін тапсырмаларды орындату.

Пән бойынша барлығы 4 СӨЖ қарастырылады. Нұсқауда әр СӨЖ бойынша тапсырмалар және оларды орындау үшін қандай әдебиеттерді қарастыруға болатыны беріледі.

Әдебиеттер:

1) Ассемблер тілінде программалар негіздері: оқу құралы. Уалиев Н.С. Талдықорған: ЖМУ, 2011. – 299 бет.

2)Ассемблер для 32. Самоучитель: - М. Издательский дом «Вильямс», 2007. 368с.:ил. Г.И. Галисеев.

СӨЖ №1

1.“ Директивалар. Мәліметтерді анықтау директивалары. Эквиваленттілік және меншіктеу директивалары. Өрнектер. ([1] 53-57 беттер., [2] 129-135 б.)

2 Программалық сегменттер. . ([1] 57-70 беттер., [2] 135 б.)

СӨЖ №2

1) Позициялық санау жүйелері. ([1] 30-41 беттер., [2] 54-60 б.)

2) Компьютердің жадында мәліметтерді кескіндеу форматтары. ([1] 42-45 б., [2] 54-60 б.)

СӨЖ №3

1) Құрылымдар ([1] 30-41 беттер.)

2) Жиындар ([1] 30-41 беттер

СӨЖ №4

1)Циклдық жылжыту командалары([1] 143-145 беттер., [2] 208-213 б.)

2)Ықшамдалған мәліметтер([1] 145-148 беттер., [2] 218-213 б.)


5716724032610900.html
5716772917931433.html
    PR.RU™