Есептік-графикалық жұмысқа тапсырма

3.1.1 Негізгі алгоритм түрлерін және бір санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне аудару әдістерді қолданып 2.1.1 тапсырма программасын құру керек. Программа құрғанда бастапқы мәндерді бірнеше рет енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет (мысалы программа бір рет орындалғанда бірнеше санды аудару қажет).

3.1.2 Негізгі алгоритм түрлерін қолданып 2.1.3 тапсырманы орындаңыздар. Резервуардағы - деңгей өсуін көрсететін мәліметтерді экранға шығару керек, сәйкес түсініктемелер және ұсыныстар болсын. .ехе кеңейтілуімен орындаушы файл құрыңыздар.

3.1.3 [a, b] аралығындағы h қадаммен өзгеретін х-тің мәндері үшін f(x) (Г.1 кестесі) функциясының барлық мәндерін есептеп экранға шығару керек. Сол кестеде талап етілген шарттарды орындаңыздар. Есепті шығарғанда нұсқаңызға сәйкес цикл операторын қолданыңыздар.

3.1.4 Белгілі негізгі және қосымша алгоритм түрлерін қолданып берілген есепті шығарыңыздар:

а) 1-8 нұсқалар. r - сұйықтық тығыздығын 293 К температурада өлшейтіні белгілі. Ал егерде тығыздық басқа температурада өлшенетін болса, онда r(Т) байланысы қолданылады. Г.2 кестесін қолданып берілген температура аралығында h қадаммен тығыздықтың мәндерін санап экранға шығару керек. Берілген температура аралығында тығыздықтың орташа мәнін анықтаңыздар;

б) 9 –17 нұсқалары. l гидравликалық кедергі коэффициентін анықтау үшін l(Re) тәуелділігі қолданылады. Г.2 кестесінде берілген мәндерді қолданып, Рейнольдс саны Re-нің h қадаммен өзгеру аралығында гидравликалық кедергі мәндерін есептеп, оларды экранға шығару керек. Re санының ең кіші және ең үлкен мәндеріне сәйкес гидравликалық кедергілердің айырмасының модулін табу керек;

в) варианты 18 – 25. Для определения давления в трубопроводе используется зависимость p(x). Используя данные таблицы Г.2, определить распределение давления в указанных сечениях трубопровода х и вывести их на экран. Определить сечение, в котором давление р принимает значение 0,75рн. Значения начального рн и конечного рк давлений даны в МПа.

18 – 25 нұсқалары. Түтіктегі қысымды анықтау үшін p(x) байланысы қолданылады. Г.2 кестеде берілген мәндерді қолданып, түтіктің х көрсетілген қимасының бойында қысымның таралуын есептеп экранға шығару керек. Қысым мәні р және 0,75рн бір біріне теңескен орнын х-ті табу керек, яғни х-тің қандай мәнінде р=0,75рн теңдігі орындалады. Кысымның бастапқы рб және сонғы рс мәндері МПа өлшеммен берілген.

Тапсырмаларды орындауға ұсыныстар. Программа құрғанда айнымалыларды еңгізу және шығару түсініктемелер арқылы жүрсе ыңғайлы.

3.1.5 2.1.7 тапсырмасын орындау программасын құрыңыздар. Нәтижелерін экранға форматтап шығарыңыздар. Программаның негізгі менюінен 2.1.7 тапсырмасының а, б немесе в тармақтарын таңдау мүмкіндігі болсын.

3.1.6 2.1.8 тапсырмасын орындау программасын құрыңыздар. Нәтижелерін экранға форматтап шығарыңыздар.

3.1.7 a және b векторлары берілген (Г.3 кестесі). Осы векторлардың ұзындықтарын, олардың скаляр көбейтіндісін, арасындағы бұрыштың косинусын табу керек. Мәндерді қолданушы енгізетіндей болсын және осы есептеулерде қолданылатын формулалар бойынша анықтама шығару керек.

3.1.8 Сусымалы заттарды сақтауға астыңғы жағы конус болған цилиндрлік бункер қолданылады. (сурет 3.1).

Сурет 3.1 – Сусымалы заттарды сақтауға арналған бункер

Егер құйылған заттың h биіктігі бункердің конустық бөлігінен hконус аспаса, онда онық көлемі формуласы бойынша есептеледі, мұнда rh – h биіктік болғандағы конустық бөліктің радиусы, тәуелділігімен анықталады. Егер де құйылған заттың h биіктігі бункердің конустық бөлігінен жоғары болса, онда конус көлеміне бункердің цилиндрлік бөлігінің көлемін қосамыз . Г.4 кестесіндегі мәліметтерді қолданып бункердегі заттың көлемін және j бұрышын табыңыз. Экранға құйылған заттың көлемінің [0,h] аралығында h биіктіккетәуелділігін шығарыңыз (қадам 0,25).

Есептік-графикалық жұмысты орындау үшін қолданатын программалау тілі мұғалім кеңесімен таңдалынады. Тапсырмаға түсініктеме дайындау қажет. Барлық тапсырмалар электроды түрде - дискте тапсырылсын. Түсініктеме нұсқа тапсырмасынан, блок-сұлбадан, программадан, шығарылған жауаптардан тұру керек.


5714993738282763.html
5715054446200297.html
    PR.RU™